Бұл туралы ШҚО орман шаруашылығы және жануарлар әлемі аумақтық инспекциясындағылар мәлімдеді.
Мамандар келер жылдың ақпанына дейін аулауға болатын жануарлар тізімін ұсынды. Кестеге назар аударайық:
№ |
Жануар түрі |
Аңшылық мерзімі |
1 |
Жанат тектес ит |
1 қараша мен 15 ақпан аралығы |
2 |
Қарсақ |
|
3 |
Түлкі |
|
4 |
Бұлғын |
|
5 |
Құну |
|
6 |
Сарғыш күзен |
|
7 |
Ақ тышқан |
|
8 |
Қоян |
|
9 |
Сілеусін (түркістандық сілеусіннен бөлек) |
|
10 |
Кәмшат |
Бұдан бөлек, шайқағыш жанат (енот-полоскун), америкалық қара күзен, сасық күзен және сарыкүзен де бар.
– Ережеге сәйкес жануарларды аулауға аңшылық аумақтарында аңшылық шаруашылық жолдамасы мен жануарлар әлемін қолдану рұқсатына ие болған жағдайда мүмкіндік беріледі, – делінген инспекция ұсынған мәліметте.
Қазіргі уақытта облыс аумағында 56 аңшылық шаруашылық бар. Оның 31-і аңшылық қолданушыларда бекітілген, ал 25-і сақтаулы қорда тұр. Яғни ол жақта аң аулауға тыйым салынған.