Қарттар күні қарсаңында Халық қаһарманы Өскемендегі қарттар үйіне барды

1133
көрілім

Халық қаһарманы полковник Қайрат Үмбетов бастаған Ұлттық ұланның ақпараттық-насихаттау тобы аға ұрпаққа денсаулық пен амандық тіледі.
Қарттар күнін мерекелеу қарсаңында Қайрат Жарылқасынұлы Өскемен арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының қонақтарына барды.
Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыс жөніндегі орынбасары келген кезде орталық директоры Ерболат Ошақбаев қонақтарды қонақтардың өмірімен таныстырды.
Ұлттық ұланның ән және би ансамблінің ерлер хоры мен солистерінің қатысуымен мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.


Концерттік бағдарламаны Қайрат Үмбетов ашып, жиналғандарды құттықтады. Халық қаһарманы мереке иелерімен сөйлесіп, Орталық басшылығына, сондай-ақ Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы генерал-майор Еркін Ботақановтың атынан плазмалық теледидар табыс етті.
- Бүгін ұландықтар біз үшін үлкен мереке ұйымдастырды. Күн сайын бізге Халық Қаһарманы келе бермейді. Сіз сияқты азаматтарға қарап болашақ ұрпақ өсіп келеді. Біздің орталықта 100 – ден астам адам бар, олардың барлығы тамаша көңіл-күй мен мерекелік концерт үшін алғыс білдіреді, - деп атап өтті орталық директоры Ерболат Құмарханұлы.
Қарт адамдар өз кезегінде әскери қызметшілерге назар аударғаны және қамқорлығы үшін алғыс сөздерін айтты. Мерекелік атмосфера ешкімді бей-жай қалдырмады. Барлығы көптеген жағымды эмоцияларға ие болды, проблемаларды ұмытып, тамаша күйге бөленді.
 
ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметі