1 қазан Халықаралық қарттар күні елімізде биылғы жылы 31-мәрте аталып өтуде. Осы орайда сын сағатта халқына сүйеу, жұртына қамқор, жас ұрпаққа үлгі болған аға буын өкілдерін ШҚО бойынша ҚАЖД ОВ-156/1 мекемесінің жас қызметкерлер қарттар күні мерекесімен құттықтап қайтты.
«Қарттары бар ел – қазыналы ел» деп халқымыз қашан да үлкенге құрмет көрсетудің басты адами құндылық екенін санамызға сіңірген.
Осы орайда ШҚО бойынша ҚАЖД ОВ-156/1 мекемесі басшылығы атынан тергеу изоляторында қызмет атқарған тыл ардагері Аманаева Фарида Садыққызын құттықтап қайтты. Сексеннің сеңгірінен асқан әже немерелерінің арасында бақытты өмір сүруде. Мекеме ұжымының келгеніне қуанып, өзінің қызметтегі естеліктерімен бөлісті.
Фарида Садыққызы 1938 жылы 31 қаңтарда Көкшетау қаласында дүниеге келген. Көкшетау қаласындағы медициналық училищесін фельдшер мамандығы бойынша бітіріп, 1970 жылдың тамызынан 1992 жылдың қыркүйегіне дейін тергеу изоляторының медицина бөлімінің фельдшері болып үзбей қызмет атқарып, зейнетке шыққан. Қазіргі таңда баршамызға үлгі боларлықтай зейнеткеріміз жас қызметкерлерге қызмет атқару жолы туралы, таңдаған мамандығынның ыстығы мен суығына төзу туралы, сондай-ақ сенім артқан халықтың үмітін ақтау керектігін айтып жастарға үлкен ой салды.