Қашықтан оқуға қалай ауыстырады?

286
көрілім
Фотосурет ашық дерекккөзден

Білім және ғылым министрлігі қандай ауа райында сабақ онлайн оқуға көшетіндіктері жөнінде ақпарат ұсынды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Жел секундына 2 м/с жылдамдықтан аспаса:
-28℃ және одан төмен болса – 1-4 сыныптар;
-32℃ және одан төмен болса – 5-9 сыныптар;
-34℃ және одан төмен болса – 10-11 сыныптар және колледждердің 1-2 курс студенттері.
Жел секундына 2 м/с жылдамдықтан жоғары болса:
-23℃ және одан төмен болса – 1-4 сыныптар;
-27℃ және одан төмен болса – 5-9 сыныптар;
-29℃ және одан төмен болса – 10-11 сыныптар және колледждердің 1-2 курс студенттері қашықтан оқиды.
Одан бөлек, көктайғақ пен қатты жел кезінде мектептер мен колледждерде сабақ болмайды. Оқуды онлайн форматқа ауыстыру туралы білім басқармасы немесе білім бөлімі, одан бөлек мектеп басшылығы өзара кеңесе отырып, шешім шығара алады. Айталық, бірауыздан онлайнға ауысу туралы ақпарат шықпай, шалғайдағы ауылдарда көктайғақ, аяз болса, сол мектептің директоры қашықтан оқуға ауыстыра алады.