«Қасқыр екен»: ШҚО-да бір үйдің 15 қойын қырған арлан атылды

171
көрілім
Фотосурет Almaty.tv сайтынан

Бастапқыда Көкжота ауылында есіктің түбін қазып кірген аңды сілеусін деп топшылаған еді, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

Самар ауданына қарасты ауылда ойран салған жыртқыш бір аптаға жуық уақыт қолға түспеген болатын. Бір түнде Еділ Сарбасов есімді азаматтың 15 қойын өлтіріп, 10 басын жаралады. Самар ауданы әкімдігінің өкілдері дереу сол елдімекенге барып, жағдайдың ақ-қарасына үңілді. Қанын ішіп кеткендерін ескеріп, малға шапқан жануар сілеусін болуы десті. Орман және аңшылық шаруашылық жедел әрекет ету жасағының өкілдері оқиға орнына барғанда басқа мәлімет ұсынды.
Олар қойға ауыз салған қасқыр екенін, дәл соны атып алғандарын жеткізді. Олардың сөздерінше, елдімекен маңында іздері байқалды.
- Ит-құстың ізіне түсіп, аңдыдық. Қаңтар айының 24-і күні Көкжота төңірегін қаршанамен аралап жүргенде төрт қасқыр көзге түсті. Олар ауылдан бірнеше шақырым жерде жүрді. Содан атып алдық, – делінген жедел әрекет ету жасағының өкілдері.

(Фотосурет ашық дереккөзден)