Аудан әкімі Нұрымбет Сақтағановтың айтуынша, жөндеу жұмыстары бірнеше көшені қамтиды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Қазіргі уақытта Қ.Қайсенов кентіндегі жеке сектордың кейбір көшелерін жөндеу және асфальттау жұмыстары басталған.
– Бірнеше көшелерді жөндеу жоспарланған. Бұл жұмыс үнемделген қаражатқа жүзеге асырылады. Айдың соңына дейін алты көшені, кенттің екі жағынан үш көшеден жөндеу жоспарлануда. Мүмкіндік болса тағы бір көше қамтылмақ. Барлық жұмыстар жол құрылысының талаптарына сәйкес жүргізілуде, – деді Нұрымбет Аманұлы.
Аудан басшысының сөзінше, жақында жұмыс сапасын тексеру үшін аудан орталығына жылжымалы зертхана келген.
– Топтың құрамында сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомство өкілдері де болды. Сондықтан бәрі халықтың өмір сүру сапасы мен жағдайын жақсарту үшін жасалады, – деді ол.