Қасым Қайсенов кентінде тоғызқұмалақ пен дойбыдан турнир өтті

766
көрілім

6 желтоқсан күні Қасым Қайсенов кентінде 2019 жыл – Жастар жылы аясында Ұлан ауданының әкімі жүлдесіне арналған тоғызқұмалақ пен дойбыдан турнир өтті, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

Жарысқа Аблакет, Айыртау, Тарғын ауылдық округтері мен Қасым Қайсенов кенті әкімдігінен командалар келіп қатысты. Спорттық іс-шараның негізгі мақсаты бұқаралық спортқа халықты көптеп тарту.

Жарыстың салтанатты ашылуына Ұлан ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысы Әлібеков Мейіржан Қанатбекұлы қатысты.

- Өткізіліп отырған іс-шараның өскелең ұрпақты тәрбиелеуде зор мәні бар, тоғызқұмалақ - қазақтың теңдесі жоқ көнеден келе жатқан мұрасы. Елбасының Жолдауында айтылған бұқаралық спорт және дене шынықтыруды дамыту мәселесі ұлт саулығын қамтамасыз етеді.   Ұлт саулығы – стратегиялық тұрғыдан өте маңызды мәселе, - дейді Мейіржан Әлібеков.

Тоғызқұмалақтан

1 орынды - Қасым Қайсенов кенті,

2 орынға - Аблакет ауылдық округі ие болды,

3 орынды - Айыртау ауылдық округі иеленді

Дойбыдан

1 орынды – Аблакет ауылдық округі,

2 орынды - Тарғын ауылдық округі иеленсе,

3 орынды - Қасым Қайсенов кентінің командасы жеңіп алды.

Жарыс жеңімпаздары Мадақта қағаздарымен, бағалы сыйлықтармен марапатталды.