– Қасым Қайсенов кентіндегі тұрғын үйлердің мекен-жайын білдіретін тақтайшалар үйлердің нөмірлері жазылмаған. Бұл әсіресе арнайы жеткізу қызметіне көптеген қиыншылықтар келтіруде. Үйлерді таба алмай адасып жүреді. Не себепті жергілікті билік осы мәселеге көңіл аудармайды?
Ұлан ауданынан тұрақты оқырман
Сіздің сұрағыңызға Ұлан ауданы әкімінің орынбасары Мұрат Кусаинов жауап берді:
– Қасым Қайсенов кентіндегі көпқабатты тұрғын үйлердің қабырғаларында үйдің нөмірлері бар тақтайшаларға қаражат қарастырылмаған. Алдағы уақытта бұл мәселе қарастырылатын болады. 2018 жылы үйдің нөмірлері мен көше атауы белгіленген тақтайшаларды дайындау үшін бюджетке сұраныс берілді. Бұл мәселе жергілікті әкімшіліктің құзыретінде. Тақтайшаларды ілуде тұрғындардың қалталарынан ақша шықпайды. Ал үйдің қабырғасына мекен-жай тақтайшаларын орнату үшін тұрғындар жергілікті әкімшілікке жүгінулеріне болады.