Қатарға қабылдады

1800
көрілім

Катонқарағай ауданында оқушыларды кадет қатарына қабылдау шарасы өткізілді, деп хабарлайды газет тілшісі облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Катонқарағай аудандық полиция бөлімінің басшысы Ерлан Сейілханов Үлкен Нарын орта мектебінің кадетшілерінен ант қабылдады. Жасөспірімдер полиция полковнигіне саптық түзеуді, оқу автоматтарын меңгеру деңгейін көрсетті.

- Оқушыларды кадеттерге қабылдау - ант қабылдау маңызды кезең болып табылатын негізгі тәрбиелік іс-шаралардың бірі, - дейді Ерлан Сейілханов.

Салтанатты іс-шара барысында құқық қорғау қызметкері балаларды ант қабылдаумен құттықтап, оларға еліміздің лайықты азаматтары болуға тілек білдірді. Үлкен Нарын орта мектебінің әкімшілігіне өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беру ісіне ерекше көңіл бөлгені үшін жеке алғыс айтылды.

Полицейлер кездесу соңында оқушыларға кадет куәліктері мен естелік сыйлықтарды салтанатты түрде табыс етті.

Азамат ТЕМІРБЕКОВ