Шалыс басып, қылмыстық әрекетке барғандар заң алдында жауап берерлері хақ. Кейбір құқық бұзушылықтарға сот кешірім жасап, шартты жаза кесіп жатады. Алайда, соттың берген жеңілдігіне қарамай, тәртіп бұзушылар бар.
Мысалы, Солжағалау аудандық ПҚБ-не ҚР ҚК-нің 191 бабы 1 бөлігі, 1,3 тармақтарына сәйкес 4 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалған Д-ға қатысты сот үкімімен есепке қойылды. Бірақ, сотталған азамат есепке тұруға келген жоқ. Пробация бөлімі қызметі қарамағынан жұмыстар атқарылды. Яғни, сотталғанды іздестіру шаралары жүргізілді. Атап айтсақ, сотталғанның мекен-жайы, көршілері тексерілді, базалар арқылы сотталғанның бұрын тіркеуде болған жерлеріне сұрау хаттар жіберілді.
Ешқандай нәтижелер берілмеген соң Өскемен қаласының нөмірі 2 сотының қаулысымен сотталғанға қатысты іздеу жарияланды. 29.08.2021 жылы сотталған Д Өскемен қаласы полиция басқармасы жедел уәкіл қызметкерлерімен Ұлан ауданы Атығай ауылынан ұсталғандығы және ОВ 156/1 мекемесінде қамауда отырғаны туралы ПҚБ-не хабарлама келіп түсті.
Осыдан кейін 07.09.2021 жылы сотталғанға қатысты бас бостандығын шектеуден бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру жөнінде сұрақты шешуге Өскемен қаласы 2 сотына іс-құжаттар жіберілді. Сот отырысы WHATSAPP желісі арқылы 20.09.2021 жылы 15 сағат 00 минутқа тағайындалды. Сотталған Д бас бостандығынан шектеу жазасын міндеттерін өтеуден, тұрғылықты мекен-жайы туралы жалған ақпарат бергендігін және де сотпен тағайындалған міндеттерді қасақана орындамағаны, пробациялық бақылаудан жасырынып жүр деп есептеліп, өтелмеген жазасы 3 жыл 7 ай 24 күн мерзімге бас бостандығын айыру түріндегі жазаға ауыстыру туралы Солжағалау аудандық пробация қызметі бөлімінің ұсынымы қанағаттандырылды.