Аудан әкімі Ділдар Қалиқан облыс әкімдігінде өткен жиында жанар-жағармай тапшылығы тұрғысында қиындықтар байқалмайтынын жеткізді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Аудандар бөлінбей тұрғанда орташа есеппен әр жылы 400-600 тонна мөлшерінде дизельдік отын алып келген. Осыған дейін бәрі уақтылы өтінім берген көрінеді. Облыс әкімі Ермек Көшербаев Үлкен Нарын өз алдына аудан болғалы жағдай қалай өзгеретінін сұрады.
- Дизельдік отынды Үлкен Нарын ауданымен бөлісеміз. Олар толық құрылып біткен соң жылдағы жоспарды өздері бекітеді. Жаздың ортасына дейін бізден алып отырады. Екеуара солай деп келісімшарт жасастық, - деді Ділдар Қалиқан.
Әділхан ЕСІМХАНОВ