Бұл туралы ақпаратты Катонқарағай ауданы әкімінің міндетін атқарушы Расул Қарабалинов айтты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Жауапты тұлға алдымен көшелерді жарықтандыру тақырыбына қысқаша тоқталды. Оған миллиондар аудандық қазынадан бөлінеді. Статистикаға сүйенсек, Катонқарағай ауданында барлығы 11 мың адам ғұмыр кешіп жатыр.
- Туристер қаптаса, көрікті өлкеге қоныс аударатындар саны артатындығына сенімді. Екі қабатты үйлер жөнделіп жатыр. Ауылдарға қатысты жақсы жоспарларымыз бар, - деді ол.
Қазір мұндағы халықтың орташа жалақысы – 150 мың теңгенің айналасында. Самар ауданындағы нәтижемен үндес.
Әділхан ЕСІМХАНОВ