Бұл туралы аймақ басшысы Ермек Көшербаевтың аталған ауданға жасаған жұмыс барысы кезінде белгілі болды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Жауапты тұлға жаңадан құрылатын Катонқарағай және Үлкен Нарын аудандарында жолдарды жөндеуге жіті көңіл бөлінетінін айтты. Келер жылы 1,1 млрд теңгеге 46,8 шақырым жолдар мен көшелерді жөндеу жоспарланып отыр.
Сондай-ақ өңір басшысы шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту бойынша өңірде атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.
– Осы жылдың басынан бері Катонқарағай ауданында 58 кәсіпкерге 380 миллион теңгенің мемлекеттік қолдауы көрсетілді. Оның ішінде «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 355 миллион теңгенің 46 несиесі берілді. Жеңілдетілген мөлшерлемемен облыстағы бастамашыл жастарға жалпы сомасы 1 млрд теңге болатын 200-ден астам несие берілді, – деді облыс әкімі.