Аудан әкімі Ренат Құрмамбаевтың сөзінше, қазіргі уақытта демалыс үйлерінің құрылысы аяқталған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Белгілі болғандай, Бұқтырма су қоймасы жанындағы демалыс үйінің құрылысын "Мұзтау и К" ЖШС жүргізуде. Жоба құрылысына бөлінген қаржы - 1,1 млрд теңге. Қазір асханалар толықтай салынып біткен, ал бассейн құрылысы әлі жалғасуда. Аудан әкімі аталған жұмыстығ келер жылы аяқталатынын жеткізді.