Катонқарағай ауданында екі нысан пайдалануға беріледі

660
көрілім

Ағымдағы жылы Катонқарағай ауданындағы Ново-Поляковка, Ақсу ауылдарында екі нысан пайдалануға беріліп, Катонқарағай, Үлкен Нарын елді мекендерінде құрылыс жұмыстары басталмақ, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

Биылғы жылы аталмыш аудандағы Ново-Поляковка мен Ақсу ауылдарындағы су құбыры желілері мен құрылыстарын қайта жаңартудан өткізу жоспарлануда.

- Сонымен қатар Катонқарағай ауылында дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің, Үлкен Нарын ауылында спорттық модульдің құрылысы қолға алынбақ, - дейді әкімдіктің баспасөз қызметіндегілер.