Катонқарағай ауданында қар барысы фототұзаққа түсіп қалды

146
көрілім
Фото katonkaragayskiignpp парақшасындағы видеодан скриншот

Ресми ақпаратпен Катонқарағай ұлттық паркі мамандары бөлісті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Ұлттық парк мамандары қар барысының популяциясы бойынша жыл сайын мониторинг жүргізеді. Қыста фототұзақ объективіне іліккен тағының қимыл-қозғалысы сол құрылғыны тексеру кезінде жуықта ғана әлеуметтік желілерде жарияланды.
- Аршаты орманшылығында осы жылдың қаңтар айында орнатылған фототұзаққа кезекті қар барысы түсті. Түз тағысының тіршілік ету ортасына байланысты инспекторлар фототұзақтардың батареяларын жаңарту және флэш-карталарын ауыстырады. Ол үшін биік және жартасты жоталарға 3,4 күн жаяу жүреді, - делінген жазбада.
Қолда бар дерекке сүйенсек, бүгінде парк аумағында 11 қар барысы мекендейді.