Аймақ басшысы Даниал Ахметов облысымызда Қазақ медицинасын қайта жаңғырту үшін арнайы орталық құрылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.
Ежелден қазақ халқының ине салу, сынықшылық, фитотерапия сияқты желден өзіндік емшілік әдіс-тәсілдері болған. Уақыт өте келе, ресми медицинаның пайда болып, дамуына байланысты халықтық ем ұмытылып қала берді. Енді келешекте облысымызда Қазақ медициналық орталығы ашылып, ұмыт болған дәстүріміз қайта жандандырылады.
Дәлірек айтқанда, аталмыш орталықты Катонқарағай ауылынан ашу жоспарланып отыр.