Аудан әкімдігі берген мәліметке сүйенсек, жарықтандырылмаған ауылдар санын азайту мақсатында 2020 жылға қомақты қаржы бөлу қарастырылған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
2019 жылы бөлінген 443 мың теңгеге Өрел ауылына 8 көше шамы орнатылған екен. Бұл аудан әкімінің орынбасары Досымбек Тумашиновтың берген жауабы. Ал үстіміздегі жылы бұдан да көп қаржы бөлінбек. Яғни бірнеше ауылды жарықтандырамыз деген ниетпен 10 млн 587 мың теңге қаржы бөлу қарастырылыпты.
Одан бөлек, LTE түрлі интернет желісін Ново-Поляковка, Аққайнар, Алтынбел, Балқарағай, Катонқарағай, Солдатово, Өрел, Малонарым және Солоновка ауылдарына тарту жоспарланған.
Нұрбек АСҚАРОВ
Басты
Катонқарағай
Катонқарағай ауданында көше шамдарын орнатуға 10 млн-нан астам қаржы қарастырылды