Катонқарағай ауданындағы ауылдардың бірінде клуб үйі жөнделеді

179
көрілім
Фотосурет alatauaraiy.kz

Ресми ақпаратқа сүйенсек, ауданда барлығы 27 мәдениет мекемесі жұмыс істейді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Оның ішінде 17 клуб, 1 мәдениет үйі, 9 кітапхана бар.  
- Былтыр мәдениет саласын дамыту мақсатында Топқайың ауылында ауылдық клуб салынды (184,8 млн.теңге). Осы жылы Барлық ауылындағы (38,5 млн.теңге) ауылдық клубқа  жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда, - деді аудан әкімінің міндетін атқарушы Расул Қарабалинов.