Тыйым салынған материалдарды бөліскені үшін тәртіп бұзушыға айыппұл салды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
ШҚО Полиция департаментінің хабарлауынша, Катонқарағай ауданының 35 жастағы тұрғыны мессенджер арқылы діни сипаттағы бейнероликтерді басқа пайдаланушыларға бөліскен.
Таратуға тыйым салынған материалдар үшін ол ҚР ӘҚБтК-нің 453-бабы 4-бөлігі бойынша жауапқа тартылды. Енді әйел адам 100 АЕК (369 200 теңге) көлемінде айыппұл төлеуі тиіс.
Қымбат МУХАМАДИЕВА