Катонқарағай ауданының Үлкен Нарын ауылында Абай атындағы саябақ салынбақ

476
көрілім
Шартты фотосурет

Үстіміздегі жылы Катонқарағай ауданындағы бірқатар ауылдарда саябақ, спорттық алаңдар салу бойынша кешенді жоспарлар бекітіліп, өткен жылы атқарылған жұмыстар сараланды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

2019 жылы Үлкен Нарын ауылының көшесіндегі 2544 шаршы метр тротуарлар мен 3398 қума метр бетондық жиектастарды төсеу, жалпы ауданы 18750 шаршы метр құрайтын көшеге гудрон жайып, жиектерді тегістеу жұмыстары жүргізілген. Жауапты мекеме – «Терезе» ЖШС. Әкімдік берген мәліметке сүйенсек, былтыр төртінші деңгейдегі бюджеты бар үш ауылдық округке 10 млн теңге бөлінген. Оның ішінде Үлкен Нарын, Алтынбел және Катонқарағай ауылдарында Street Workout және балаларға арналған ойын алаңдары орнатылыпты.

Ал жаңа жылдан бастап Үлкен Нарын ауылында жалпы құны 100 млн теңгеге Абай атындағы саябақ, ал 2021 жылы 50 млн теңгеге спорттық және балалар алаңына салу жоспарланған.

Нұрбек АСҚАРОВ