Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Катонқарағай ауылындағы Ленин атындағы орта мектепке сол өңірден шыққан соғыс ардагері Сейітқамза Ластаевтың аты берілді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Орта мектептің аты Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылдың 31 қазанындағы №637 Қаулысы негізінде өзгертілген. Ағымдағы жылдың сәуір айының 28 жұлдызында аталған білім ордасында мерекелік жиын өткізіліп, оған аудан басшылары, өңірдегі білім ордаларының, Сейітқамза Ластаевтың ұл-қыздары, немерелері, туған-туысқандары, шәкірттері мен қызметтестері қатысқан. Мектептің кіре берісіне Сейітқамза Ластаевтың мемориалдық тақтасы қойылып, үздік ұстаздың кабинет-мұражайы ашылды.
Сейтқамза Ластаев – соғыс ардагері. Майданнан қайтқаннан кейін ұстаздық жолда еңбек етіп, «Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген мұғалімі», «Қазақ КСР-нің халыққа білім беру ісінің үздігі» сынды жоғары дәрежеге ие болған.
Мейрамбек Қосажан