Қазір өңір аумағында «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Соның аясында бұзушылық тіркелді, деп хабарлады Buqara.kz сайтының тілшісі.
Полицейлер көліктерде қару-жарақ, оқ-дәрілердің бар-жоғын анықтап, заңсыз аң аулауды болдырмас үшін тексеріп жүргізуде. Ақпан айының 1-і күні басталған жедел алдын алу шарасы 29-ы күні аяқталады.
- Осындай тексерулердің бірінде Катонқарағай ауданының тәртіп сақшылары ВАЗ 2121 маркалы автокөлігін тоқтатқан. Тексеріс барысында көліктің жүксалғышынан еліктің етін табылып, тіркелмеген мылтық тәркіленді, - делінген ақпаратта.
Заңсыз аң аулау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, күдікті үш жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
«Браконьер» ЖПІШ басталғаннан бері өңірде 180-нен астам құқық бұзушылық анықталған.