Катонқарағайда жоғары санатты шипажай ашылады

25489
көрілім
Шартты сурет

Өңірімізде бұл нысанның пайда болуы медициналық туризмнің дамуына  өз септігін тигізеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Шипажайдың бой көтеруі турасындағы мәселе облыс әкімдігінде өткен отырыста айтылған.

–Алдымен Катонқарағай ауруханасы базасындағы жоғары санатты шипажай салу бағдарламасын дайындау қажет. Жалпылама айтқанда, аурухананы жабдықтауға айтарлықтай қаражат бөлінгенімен, әзірге ғимарат жартысы бос тұр. Сондықтан медициналық мекеменің осы бос бөлігіне санаторий салу ұсынылды. Дегенмен аурухана да өзі жұмысын жалғастырады, - деді облыс әкімі Даниал Ахметов.

Өңірдегі Катонқарағай ауданында туризм қарқынды дамып келеді. Әсіресе – этнотуризм. Ал жергілікті аурухана базасында жоғары дәрежелі санаторийдің пайда болуы  медициналық туризмнің дамуына әсер ететіні сөзсіз.