Катонқарағайдағы ескі Аустрия жолында қираған көпір екі аптада қалпына келеді

132
көрілім
фотосурет ашық дереккөзден
Катонқарағай ауданында орналасқан көпір тіпті жаяу жүруге мүмкіндік болмайтындай дәрежеде қираған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 
ШҚО әкімдігінде өткен кеңесте өңір басшысы Ермек Көшербаев көпірдің туристік және тарихи маңызы бар екенін атап өтті. 
- Бірақ, көпір орналасқан жер ҚР шекара қызметтерінің қарауында болғандықтан, жөндеу жұмыстары қиынға соғуы мүмкін. Катонқарағай ауданы әкіміне осы мәселені пысықтап, көпірді екі апта ішінде шаруашылық әдісімен жөндеуді және оның болашақтағы жай-күйін бақылауды тапсырамын, - дейді әкім.