Үлкен Нарын ауылында ашылған заманауи сипаттағы туристік ақпараттық орталық үш тілде қызмет көрсетеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Ресми ақпаратқа сүйенсек, онда демалыс орындары, тарихи-мәдени орындар туралы ақпараттар беріледі. Мұнда шалғайдан келген жолаушылардың отбасы мүшелерімен бірге аялдап, тынығып алуларына болады. Шет елден келген туристерге де жан-жақты мүмкіндіктер қарстырылған.
– Орталыққа келген туристерге аудан аумағында көрсетілетін сан алуан қызмет туралы да толық ақпарат беру маңызды. Сондай-ақ мұндағы мәліметтер базасын туристерге арналған облыстық ақпараттық палтформамен интеграциялау қажет, – деді өңір әкімі Ермек Көшербаев.