Ұлттық статистика бюросы Қазақстанның ең танымал 5 курортын атады. Бұл туралы Buqara.kz сайтының тілшсі Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Қаңтар-наурыз айлары аралығында қазақстандық курорттық аймақтар 766,6 мың адамға қызмет көрсетккн. Бұл 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 63,1 мың адамға көп.
Қазақстанның адамдар ең көп баратын 5 курорт:
- Алматы тау кластері - 551,9 мың келуші;
- Щучье-Бурабай курорттық аймағы - 69,1 мың келуші;
- Маңғыстау курорттық аймағы-57,5 мың келуші;
- Түркістан туристік аймағы - 26,1 мың келуші;
- Алтай курорттық аймағы - 20,7 мың келуші.
Курорттық аймақтарда орналастыру орындарымен көрсетілген қызметтердің көлемі 2024 жылдың алғашқы үш айында 27,8 млрд теңгені құраған. 2023 жылдың осы кезеңінде 23,2 млрд теңгеге қызмет көрсетілді.