Қайсановтың салмағында қай палуан оза шабады?

586
көрілім

Көкпектілік еркін күрес шебері Данияр Қайсановтың салмағында ертеңнен бастап «айқас» болайын тұр. Ресейдің Наро-Фоминск қаласында ел чемпионаты басталып, 74 келі салмақтағы үздіктер бозкілемге беттейді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Әзірге жерлесіміз, Әлем чемпионатының қола жүлдегері 74 келіде қазір сөз етілетін палуандармен бозкілемде жолықпады. Айталық, Разамбек Жамалов, Хетаг Цаболов, Магомед Курбаналиев, Магомедрасул Газимагомедов және Заурбек Сидаков. Бесеуі де Әлем чемпиондары. Сидаков тіптен, екі мәрте жаһандық жарыстар жеңіп шыққан жігіт.
Жамаловтың 74 келіге ауысқанына көп болды деуге келмес. Жасы қарайлас, елішілік додаларда Солтүстік Қазақстанның намысын қорғап жүрген Нұрғожа Қайпанов И.Ярыгин атындағы турнирдің ширек финалында Жамаловпен жолы түйіскен болатын. Шиеленісті өткен тартыста 8:7 есебімен Жамалов басым түскен болатын. Одан кейін Дүниежүзілік әскерилер ойынында Нұрғожа Хетаг Цаболовпен шешуші сында жолығып, есе жібереді. Енді осындай аламандардың бірінде Қайсановтың да ресейлік палуандармен шеберлік байқасуы мүмкін.
Осы ретте алдағы уақытта ел чемпионатының да өткізілуі мүмкін екендігін айта кетейік.