Қазақ-қытай іскерлік кеңесінде құны $3,7 млрд болатын 40 құжатқа қол қойылды.

129
көрілім
Фото сурет ашық дереккөзден

Бүгін елордада Қазақстан-Қытай іскерлік кеңесінің жетінші отырысы өтіп, оның қорытындысы бойынша 40 құжат бекітілді, деп хабарлайды  Buqara.kz  сайтының тілшісі.

«Іс-шараға 500-ден астам адам қатысты, оның ішінде қытайлық 50 ірі компания бар. Жалпы құны 3,7 млрд АҚШ долларынан астам сомада 40 құжатқа қол қойылды. Соның арасында «Самұрық-Қазына» компаниялар тобы қытайлық серіктестермен 16 құжатты бекітті» делінген «Самұрық-Қазына» қоры мәліметінде. Оның арасында мына құжаттар бар:

1. «Самұрық-Қазына» АҚ мен Sany Renewables Energy арасындағы ЖЭС компоненттерін шығару бойынша келісім;

2. «Самұрық-Қазына» АҚ мен SANY Group арасындағы ынтымақтастық туралы келісім;

3. «Самұрық-Қазына» АҚ мен China Energy Overseas Investment Co., Ltd. арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;

4. «Самұрық-Қазына» АҚ мен CNPC арасындағы негізгі келісім;

5. ҚР Энергетика министрлігі мен CNPC арасындағы негізгі келісім;

6. «ҚазМұнайГаз» мен CNPC арасындағы негізгі келісім;

7. «ҚазМұнайГаз» АҚ, Sinopec және СИБУР арасындағы «Силлено» жобасына қатысты қатысушылар арасындағы үш жақты хаттама;

8. «ҚТЖ» ҰК» АҚ мен CRRC арасында 200 локомотив жеткізу туралы шарт;

9. «Қазақстан Темір Жолы» АҚ мен «Ляньюньган порты МК» ЖШҚ арасындағы Ақтау порты базасында контейнерлік хаб салу жобасына инвестиция салу туралы келісім;

10. «Самұрық-Энерго» АҚ мен China International Water & Electric Corp (CWE) арасындағы ынтымақтастық туралы келісім;

11. «KEGOC» АҚ мен China Energy International Group арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум;

12. «Қазпошта» АҚ және YTO Express бірлескен кәсіпорнының құрылтайшылық шарты;

13. «Қазпошта» АҚ мен YM Trans (Guangzhou) International Forwarding арасында бірлескен кәсіпорын құру туралы келісім;

14. «Қазпошта» АҚ мен China Communications Construction Co,. Ltd. арасындағы электрондық коммерцияны дамыту бойынша ынтымақтастық туралы меморандум;

15. «Самғау» ғылыми-технологиялық бастамалар орталығы мен China venture capital Asset Management Company Limited арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум;

16. «КTZ Express» АҚ, Xi'an Free Trade Port Construction and Operation Co ., Ltd. және «Славтранс-Сервис» АҚ арасында Қытай-Қазақстан-Ресей бағытында бірыңғай цифрлық дәліз құру туралы үшжақты келісім.

Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін елордада өткен Қазақстан-Қытай іскерлік кеңесінде Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр екі ел арасында тауар айналымы қарқынды өсіп келе жатқанын айтты.

Қазақстан мен Қытай Маңғыстау облысында электр станциясын салуды жоспарлап отыр.