Қазақстан 2018 жылғы жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінде 38-орын алды, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі Вaq.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Ел рейтингі 72,796% болып бағаланды. IMD World Competitiveness Rankings деректеріне сәйкес, 2017 жылы Қазақстан 32-орында болған.
Қазақстанның қасында Словения (37-орын) және Сауд Арабиясы (39-орын) тұр. Ал Ресей бұл индексте 67,179%-пен 45-орында (былтыр 46-орында болған).
Бәсекеге қабілетті көшбасшылар рейтингінің үздік бестігіне АҚШ, Гонконг, Сингапур, Нидерланды және Швейцария кірді.
Ал керісінше көрсеткіште Венесуэла (63-орын), Моңғолия (62-орын), Хорватия (61-орын), Бразилия (60-орын) және Украина (59-орын) тұр.