2019 жылдың маусымындағы жағдай бойынша FIFA ұлттық құрамалар рейтингінің жаңарған нұсқасы шықты, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Үздіктер үштігі өзгерген жоқ: бірінші орынды Бельгия алды, одан кейін Франция мен Бразилия құрамалары жайғасты.
Қазақстан құрамасы екі орын жоғары көтеріліп, 114-ші орында тұр.
Еске салайық, өткен жолғы рейтингтен кейін (4 сәуір) Михал Билектің қамқорлығындағылар Еуропа-2020 чемпионаты квалификациясы аясында екі кездесу өткізді: Бельгиямен (0:3) және Сан-Мариномен (4:0).
FIFA-ның 2019 жылдың 14 маусымындағы рейтингі:
1 (1). Бельгия - 1746 ұпай
2 (2). Франция - 1718
3 (3). Бразилия - 1681
4 (4). Англия - 1652 5 (7). Португалия - 1631
6 (5). Хорватия - 1625
7 (9). Испания - 1617
8 (6). Уругвай - 1615
9 (8). Швейцария - 1605
10 (10). Дания - 1589
24 (27). Украина - 1513
43 (46). Ресей - 1436
82 (81). Беларусь — 1286
82 (85). Өзбекстан — 1286
94 (94). Грузия - 1255
95 (95). Қырғызстан — 1252
97 (106). Армения — 1230
99 (96). Эстония - 1228
110 (108). Әзербайжан - 1188
114 (116). Қазақстан — 1174
120 (120). Тәжікстан — 1151
132 (132). Литва - 1101
135 (136). Түркіменстан - 1091
137 (133). Латвия - 1086