Өскеменде өткен жиында жауапты тұлғалар жол салу кезінде жиі тіркелетін жемқорлық әрекеттері, соның инфарқұрылымға келтірер зардабына тоқталды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
«Әділдік жолы» АҚБ ШҚО филилалының басшысы Әділ Пшенов былтыр республика бойынша жол жөндеуге 500 млрд теңге жұмсалғанын айтты. Дегенмен шашау шығармай жөнделді деуге келмес. Себебі филиал басшысы қомақты қаржы бөлінгенімен, 14000 жол-көлік оқиғасы, 18000 мың жарақаттану фактісі тіркелсе, 2000-нан астам адам көз жұмған.
– Осыған қарап, қайғылы жағдайлардың басым көбін жолдардың сапасыздығымен байланыстыруға болады. Жалпы, ел көлемінде жол сапасы мен жағдайы көңіл көншітпейді, – деді Әділ Серікұлы.
Айта кетерлік жайт, бұл жерде республика көлеміндегі мәліметтер айтылды. Шығыс Қазақстанға қатысты ресми жауап әлі жіберілмеген көрінеді. Филиал басшысы көлік жүйесі – мемлекет инфрақұрылымының негізгі көрінісі екендігі атап өтті. Индекске шағып, жол сапасы бойынша бәсекелестікте Қазақстан 138 ел ішінде 108-орынға жайғасқан. Анығы сол, жөндеу жұмыстары 11 мың шақырымнан астам жолға жүргізілетін көрінеді. Әділ Пшенов бұған 600 миллиард теңге бөлінгенін мәлімдеді. Тағы бір сөз еткені, автомобиль жолдарын салу жобаларының барлық кезеңі сыбайластықпен сабақтасып кеткен. Мұны тоқтату үшін дейді, қоғам болып, ел болып қарсы тұру керек. «Әділдік талап ет!» акциясы аясында осы жағын мықтап қолға алу қажеттігін айтты.