Қазақстанда 1 маусым күні ауа райы тұрақсыз болады

503
көрілім

Қазақстанның басым бөлігінде әдеттегідей атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты ауа райы тұрақсыз болады. Кей жерлерде жауын жауып, жел күшейіп, шаңды дауыл көтеріледі. Тіпті тұман түсіп, бұршақ жаууы да ықтимал. Тек елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында, шығысында және солтүстік-шығысында күн ашық болады, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Қазгидромет» РМК-нің ақпараты бойынша, Солтүстік Қазақстан облысында түнде жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді, екпіні 23-28 метрге жетеді. Күндіз кей жерлерде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетсе, жекелеген аудандарда ол одан сайын өршеленіп, бұршақ жаууы мүмкін.

Ақмола облысында түнде кейбір аймақтарда жел секундына 15-20 метрге дейін күшейіп, күндіз елдің басым бөлігінде 15-20 метр, ал екпіні 23-28 метр болады.

Қызылорда облысында кей жерлерде жел 15-20 метрге дейін күшейіп, екпіні секундына 25 метрге жетеді. Кейбір аудандарда шаңды дауыл көтеріледі.

Батыс Қазақстан, Қостанай, күндіз Атырау облыстарының бірқатар аумақтарында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Бұршақ жаууы да мүмкін.

Ақтөбе облысының бірқатар аумақтарында жел секундына 15-20 метрге жетеді. Күндіз кейбір жерлерде бұршақ жауады.

Қарағанды, күндіз Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Павлодар облыстарының бірқатар аймақтарында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр болады.

Шығыс Қазақстан облысында түнде және таң ата бірқатар аймақтарға тұман түседі.

Маңғыстау облысының бірқатар аймақтарында өрт қаупі туындауы ықтимал.