Қазақстанда 7 мамыр мен Жеңіс күніне арналған әскери шеру болмайды - қорғаныс министрлігі

163
көрілім
ашық дереккөзден

Қазақстанда Отан қорғаушылар күні (7 мамыр) мен Жеңіс күніне арналған әскери шеру өтпейді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап

Қазақстанда екі жылда бір рет әскери шеру өткізіледі. Соңғы рет Қазақстан армиясының қуаты 2018 жылы таныстырылды.
2020 жылы шеру коронавирус пандемиясына байланысты өтпеді.
 
2022 жылы әскери шеру өткізілмеді, бірақ ведомство Республика Қарулы Күштерінің құрылуының 30 жылдығына орай әскери қызметтің имиджі мен беделін арттыруға бағытталған әскери-патриоттық бағыттағы іс-шаралар өткізді.