Қазақстанда алдағы күндері 38 градусқа дейін ыстық болады

577
көрілім

Синоптиктер Қазақстанда 13-15 маусым күндері ауа райының қандай болатыны жайлы айтып берді, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі Tengrinews.kz сілтеме жасап.
Батыс Қазақстан үстінде қалыптасқан циклондар алдағы үш тәулікте республиканың орталық және солтүстік облыстары арқылы солтүстік-шығыс бағытына жылжиды. Алайда осы циклонға кіретін фронттар жүйесі аймақтың оңтүстік және оңтүстік-шығыс ауа райына әсер етеді, – дейді синоптиктер.
Мамандардың айтуынша, 15 маусымда Қазақстанның шығыс облыстарының кей жерлерінде өткінші жаңбыр мен найзағай және екпінді жел күтеді, ал солтүстікте бұршақ болуы мүмкін. Осы жаңбырға қарамастан күн жылынады деп болжанып отыр. Кей жерлерде ауа температурасы +30…+38 градусқа дейін жоғарылайды.