Қазақстанда алғаш рет құтыруға қарсы отандық екпе шығарылады

399
көрілім

Степногорск өнеркәсіптік биосинтез ғылыми-зерттеу институтында ауыл шаруашылығындағы малдарға арналған вирусқа қарсы вакцина өндірісін бастады. Сондай-ақ, Ұлттық биотехнология орталығының филиалы осы жылы еліміздегі алғашқы құтыруға қарсы отандық екпе әзірлеп шығарды деп хабарлайды газет тілшісі «Хабар24» мәлімет көзіне сүйене отырып.

Бұған дейін Қазақстанда шетелдік препараттар пайдаланылған болатын. Мемлекеттің қолдауымен аталған орталықта ғылыми инфрақұрылым жасалды. Енді биотехнология орталығы вирустарды жинақтайтын және екпелерді құятын АҚШ және Оңстүтік Корядан шыққан арнайы жоғары технологиялық құралдармен жабдықталды.