Қазақстанда балаларға мешітке баруға шектеу қойылмақ

425
көрілім

Елімізде діни қызмет туралы заңнама аясында балаларды заңсыз діни іс-әрекеттерден қорғау мақсатында, оларға мешіт пен шіркеуге баруға тыйым салу ұсынылып отыр деп хабарлайды  buqara.kz тілшісі Sputnik ақпарат көзіне сүйене отырып.

— Норма бойынша балалар ересек адаммен бірге ғана келуге тиіс. Бұл ата-анасы, жақын туысы немесе заңды өкіл болуы мүмкін. Сондай-ақ, ата-ананың баланың мешітке баруына қарсы болмауы да міндетті талап болып табылады, — деп мәлім етті дін және азаматтық қоғам бойынша вице-министр Берік Арын орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде.

Аталған талаптардың орындалмаған жағдайда діни бірлестіктердің басшылары жауапқа тартылатын болады. Олар осы мәселені қадағалау мақсатында діни орындарға келушілерге арналған хабарландырулар іліп, алдын-алу шараларын ұйымдастыруға тиіс.