Bek Air әуе компаниясының қызметі уақытша тоқтатылды. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігінде мәлімдеді, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.
- Оқиға себептері анықталғанша әуе компаниясының қызметі уақытша тоқтатылады, - деп хабарлады министрлік өкілдері.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен ҚР Премьер-министр Асқар Мамин басқаратын үкіметтік комиссия құрылды. Комиссия құрамына Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрі және басқа мемлекеттік органдар өкілдері кірді.