Қазақстанда бензин мен дизельге шекті баға енгізілмек

362
көрілім
Фотосурет gaz-card.ru сайтынан

Ашық НҚА порталында Энергетика министрінің жанар-жағар май құю станциялары үшін бөлшек сауда бойынша мұнай өнімдеріне шекті бағаларды белгілеу туралы бұйрығына өзгерістер енгізудің жобасы жарияланды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Kazinform сайтына сілтеме жасап.

"Бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген стационарлық авто жанар-жағар май құю станциялары үшін бөлшек саудада өткізілетін мұнай өнімдеріне шекті бағаларды белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 19 мамырдағы № 361 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11165 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін", - делінген бұйрық мәтінінде. 

Аи-80 маркалы бензин – 1 литр үшін 89 теңге;
Аи-92 және Аи-93 маркалы бензин – 1 литр үшін 205 теңге; 
Дизель отыны (жазғы, маусымаралық) – 1 литр үшін 295 теңге. 

Аталған жаңашылдықты қоғамдық талқылау 2024 жылғы 28 ақпанға дейін жалғасады.