Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының индексі тұрақты болып қалды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.
кімет маусымаралық бағаны тұрақтандыру үшін тұрақтандыру қорларынан көкөністерді брондау жағдайын талқылады.
Бағаны тұрақтандыру үшін вице-премьер көкөністердің нарыққа қажеттілігі мен шығарылу көлемін талдауды және қажет болған жағдайда көкөністер мен оларды қолжетімді бағамен сататын сауда нүктелерінің санын көбейту арқылы бұл жұмысты жандандыруды тапсырды, - делінген хабарламада.
Бағаның өсуі
2024 жылдың басынан бастап әлеуметтік азық-түлік бағасының өсуі 0,4% болды (2023 жылғы 13 ақпандағы жағдай бойынша – 2,4%). Өткен аптаның қорытындысы бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының индексі тұрақты болып қалды (0% өсу).
Вице-премьер Серік Жұманғарин аграршыларды қаржыландыру бойынша жұмысты кемінде 70%-дық шекті қатаң сақтай отырып жалғастыруды, әлеуметтік азық-түлік өнімдерінің бағасына қатаң бақылау мен ден қоюды қамтамасыз етуді тапсырды.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қазақстанда азық-түлік бағасы бір жылда 35%-ға өскені хабарланған болатын.
Азық-түлік бағасы, белгілі бір өмірлік компоненттің тапшылығы, инфляция – бұл мәселелер әрқайсымыздың алдымызда.
Ulysmedia.kz олардың шешіміне жауапты адамнан сұрауды жөн көрді.
Порталымыздың бас редакторы Самал Ибраеваға берген сұхбатында вице-премьер Серік Жұманғарин қазақстандықтар үшін азық-түлік проблемалары екі жылдан кейін, мүмкін үш жылдан кейін шешілетініне уәде берді.
Еске салсақ, таяуды тамақ өнеркәсібіне инвестиция салу бойынша көш бастап тұрған өңірлер белгілі болған еді.