Сауда комитеті әлеуметтік маңызы бар өнімдердің былтырғы тамыз айының бірінші аптасы мен биылғы тамыз айының бірінші аптасындағы құнын салыстырды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Салыстыру нәтижесі азық-түліктің көпшілігінің бағасы төмендегенін көрсетті. Мысалы:
Күнбағыс майы: 2023 жылдың тамызы – 1 литр үшін 781 теңге (1,6 доллар); 2024 жылдың тамызы – 1 литр үшін 626 теңге (1,3 доллар).
Пияз: 2023 жылдың тамызы – бір келісі 177 теңге (0,36 доллар); 2024 жылдың тамызы – килограмм үшін 129 теңге (0,26 доллар).
Қырыққабат: 2023 жылдың тамызы – бір келісі 159 теңге (0,33 доллар); 2024 жылдың тамызы – бір келісі 124 теңге (0,25 доллар).
Қант: 2023 жылдың тамызы – бір келісі 434 теңге (0,90 доллар); 2024 жылдың тамызы – бір келісі 415 теңге (0,86 доллар).
Сәбіз: 2023 жылдың тамызы – бір келісі 198 теңге (0,41 доллар); 2024 жылдың тамызы – бір келісі 188 теңге (0,39 доллар).
Қарақұмық: 2023 жылдың тамызы – 338 теңге (0,70 доллар); 2024 жылдың тамызы – 222 теңге (0,46 доллар).
Бірінші сортты бидай ұны: 2023 жылдың тамызы – бір келісі 232 теңге (0,47 доллар); 2024 жылдың тамызы – бір келісі 228 теңге (0,47 доллар).
Сауда комитетінің айтуынша, тұз бен макарон өнімдерінің бағасы тұрақты болып қалды.