Қазақстанда генетикалық паспорт беріледі

472
көрілім

Кезінде мұндай ерекше құжатты тек шетелдік емханалардан алуға болатын. Ал енді ол әр қазақстандыққа қолжетімді болмақ деп хабарлайды buqara.kz тілшісі 24.kz ақпарат көзіне сілтеме жасап.

Денсаулығыңызды қалай сақтауға болады, қандай спорт түрін таңдау қажет және арғы аталарыңыздың шығу тегі қандай? Ұлттық биотехнология орталығы осы сұрақтарға жауап беретін жоба әзірледі. Генетикалық паспорт деп аталатын бұл құжат қауіпті сырқаттардың алдын алуға септігін тигізеді екен.

Ең қызығы, ол үшін талдауға қан тапсырудың, түрлі аппараттық тексеруден өтудің де қажеті жоқ. Ұрттық жасуша, басқаша айтқанда сілекейдің бір-екі тамшысы ғана жеткілікті. Одан ДНҚ бөлініп алынып, екі сағат ішінде қорытындысы дайын болады. Сонымен қатар, гендердің мағынасын ашу әдісі ата-бабасының шығу тегін, адамның психологиялық және спорттық мүмкіншіліктерін де анықтайды.