Қазақстанда қараусыз жайылған мал үшін айыппұл салу қарастырылып жатыр

520
көрілім
         Малын жайылуға жіберіп, оны бақыламаған үшін әкімшілік жауапкершілікті заң жүзінде бекіту мәселесін Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы қарастырып жатыр, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

          2017 жылы аймақта мал ұрлаудың 66 дерегі тіркелген, оның 36 жағдайында мал жайылымнан ұрланған. Яғни, мал ұрлығының 50-60 пайызы малдың қараусыз жүрген кезінде болады. Сонымен қатар, «Ветеринария туралы» заңның 25-бабының 2-тарауаы бойынша жеке және заңды тұлғалар ауылшаруашылық жануарлырды идентификациялау қажеттілігі қарастырылғаны айтылды.
          — Облыста екі тұлға бір үй жануарына таласып жатқан деректер болды. Алайда ешқайсысы меншіктік құқықғын дәлелдей алмайды. Осындай даулы мәселелерді болдырмау мақсатында облыс тұрғындарын заң талаптарын орындап, ауылшаруашылық жануарлардың жүз пайыз индентификациялауға шақырып жатыр, — дейді баспасөз қызметінің өкілдері.