Қазақстанда қай көлік маркалары көп кездеседі?

446
көрілім

Қазақстан автобизнес қауымдастығының хабарлауынша, елімізде барлық типтегі 4 566 198 көлік пен тіркеме бар, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Олардың 3 755 890 данасы немесе 82,2 пайызы жеңіл автокөліктер. 446 475 ауыр жүк көліктері болса, 241 259 тіркеме мен жартылай тіркеме, 63 058 мототехника мен 59 516 автобус бар. Көбінесе автокөліктер елдің оңтүстік-шығысында шоғырланған. Жалпы, көліктер мен тіркемелердің қолданыстағы жылы 20 жылдан асып кеткен (2 485 161). 10 мен 20 жыл аралығындағы көліктердің саны 959 263 бірлік. Сонымен бірге, 1 миллионға тарта көлікті пайдаланған мерзімі 3 пен 10 жыл аралығында. Үш жылға дейінгі көліктердің саны 176 661. Ал көп кездесетін көлік маркалары мыналар:

 

 

 

 

 

 

 

 

– ВАЗ/Lada (757 960 көлік)

– Toyota (487 453 көлік)

– Volkswagen (294 мың көлік)

– Audi (224 мың көлік)

– Mercedes (190 мың көлік)