Қазақстанда кедейлік шегін жаңа жолмен анықтамақ

376
көрілім

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі "кедейлік шегінің мөлшерін анықтау туралы" бұйрық дайындады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құжат Қазақстан бойынша кедейлік шегін анықтайды:

- 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап – мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсанға есептелген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70% мөлшерінде;
- 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап – мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсанға есептелген орташа табыстың 50 пайызы мөлшерінде.

Құжат 15 наурызға дейін Ашық НҚА сайтында орналастырылған.

2023 жылы Қазақстанда ең төменгі күнкөріс деңгейі 40 567 теңгені құрайды.

2022 жылдың соңында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова 2025 жылдан бастап атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін кедейлік шегі ең төменгі күнкөріс деңгейінің орнына орташа табыспен анықталатынын хабарлады.

Әлижан ТӨЛЕУЖАН