Қазақстанда киіктерді ату тоқтатылды

340
көрілім
Фото:rus.azattyq-ruhy.kz

 

Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Қазақстанда киіктерді ату тоқтатылғанын айтты, - деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

"Отандық ғалымдар және халықаралық сарапшылармен кеңесіп, пікірталас жүргізгеннен кейін киіктерді ату тоқтатылды. Сонымен қатар, қыс мезгілі - далада жүру қиындай түсті. Сондықтан 10 ақпаннан бастап ақбөкендердің санын реттеу процесін тоқтаттық. Былтырғы төлдеуді есепке ала отырып, биыл мамырда мұқият егжей-тегжейлі есепке алу жүргізілді", - деді Нысанбаев Мәжіліс кулуарында.
Министр киік саны тағы 40 пайызға артады деп болжап отыр.