Қазақстанда киіктердің саны артты – ҚР АШМ

654
көрілім

Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінде «Бекіре-2017» балық қорғау акциясы, киіктердің санағы, өрт қауіпті кезең мен орманды қалпына келтіру жұмыстарының қорытынды брифингінде айтылды, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі ҚР АШМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Брифинг барысында 2017 жылғы киіктер санағының қорытындысы жарияланған. ҚР АШМ ресми сайтының ақпаратына сәйкес, Қазақстандағы киіктердің үш популяциясының жалпы cаны 152 мыңға жеткен.

2016 жылмен салыстырғанда киіктердің жалпы саны 40,9 %-ға өсті, – деп хабарлайды ҚР АШМ ресми сайты.

Сонымен қатар, өрт шығу қаупі кезеңінің басталуынан бастап Қазақстандағы мемлекеттік орман қорының аумағында 106 орман өрті тіркеліп, ауданы 1395,5 га. құрағаны белгілі болып отыр. Минитсрлік мамандарының хабарлауынша, өткен жылмен салыстырғанда орман өртінің саны екі есе өсіп, оның ауданы 10 есеге ұлғайған.