Қазақстанда қоғамдық орындарда дефибриллятор орнатылады

485
көрілім

Жақын болашақта елімізде қоғамдық орындардың барлығында автоматты дефибрилляторлар орнатылады, деп хабарлайды газет тілшісі zakon.kz сайтына сілтеме жасап. Бұл құрал-жабдық жүрек кенеттен тоқтаған жағдайда алғашқы көмек көрсетуге арналған. Оны кез келген адам қолдана алады.

Мұндай аппаратты орнатудың қажеттілігі бар көрінеді, себебі елімізде жыл сайын жүректің күрт тоқтауынан жылына 26 мың адам көз жұмады екен.

Автоматтық дефибрилляторды медициналық білімі жоқ болса да кез келген адам қолданып, екі минут ішінде адам өмірін сақтап қала алады.