Алматыда коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы бір адам тіркелді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус инфекциясы бойынша Қазақстанда 18 наурыз сағат 08.00-дегі жағдайға қатысты ақпарат таратты.
- Коронавирус індетін жұқтырған тағы 1 адам Алматы қаласында тіркелді. Осы сағатта Алматы қаласында – 19 адам, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 18 адам, жалпы 37 науқас тіркелді, - делінген хабарламада.