Белгілі дәрігер-репродуктолог Вячеслав Локшин онкологиялық ауруларды емдеуді бастамас бұрын репродуктолог мамандарға жіберуді ұсынды. Ондағы мақсат – онкологиялық аурулардан емделген адамдарға ұрпақ жалғастыру мүмкіндігін сыйлау деп хабарлайды газет тілшісі Elorda Info сайтына сілтеме жасай отырып.
– Онкоұрықтылық мәселесі бұрыннан көтеріліп келеді. Соңғы жылдары онкология тез дамып дамып, оны емдеуде заманауи медицина жетістіктерге жетіп келеді. Онкологиядан емделу – бұл ертегі емес, бірақ химиотерапиядан кейін ұрпақ жалғастырғысы келген адамдарға тіпті ЭКҰ да көмектесе алмайды. Сондықтан репродуктивті 40 жасқа дейінгі әр науқас ота не химиотерапия жасатпас бұрын репродуктологтың тексеруінен міндетті түрде өтуі керек. Біз еркек және әйел жыныс жасушаларын, әйел безінің тінін мұздатып қоямыз. Адам аурудан айығып шыққан соң, өз баласын дүниеге алып келуге көмек береміз, – деді Вячеслав Локшин IX халықаралық конгресте.
Оның айтуынша, онкологияны анықтау кезінде көп науқастар болашақ ұрпағы туралы ойлана бермейді. Олар химиотерапия, сәулемен емдеуден, ота жасаудан кейін оның репродуктивті денсаулығына тигізетін кесел, зардапты елестете алмайды. Бүгінгі таңда Қазақстанда кез келген даму сатысындағы ооциттерді, сперматозоидтерді, эмбриондарды, сондай-ақ аналық без тінін мұздатып сақтау мүмкіндігі қолжетімді екен.